Медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімі, қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстары бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Негізгі міндеттері.

    1. Медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімі, қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстары бөлімі мынадай негізгі міндеттерді жүзеге асырады:
    2. Облыс халқы денсаулығының негізгі көрсеткіштеріне талдау жүргізу.
    3. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының қызметін талдау, медициналық ұйымдардан келіп түсетін ақпараттарды жинақтау, амбулаториялық-емханалық, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету сапасының жай-күйін талдау, созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық бақылау мониторингі.
    4. Меншік нысанына қарамастан, медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде ауруларды ерте кезеңде анықтауға, науқастарға медициналық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және жүргізу;
    5. Емдеуге жатқызу бюросының жұмысын жүргізу. Медициналық құжаттаманы қарау, республикалық клиникаларға науқастарға жолдама беру және Емдеуге жатқызу порталына уақтылы орналасуын бақылау.
    6. Шұғыл және жедел медициналық көмекті, санитариялық авиацияны ұйымдастыруды жетілдіру.
    7. Облыстың хирургиялық қызметін дамыту бойынша жұмыс мониторингі.
    8. Жеке және заңды тұлғалардың сауалдары мен өтініштеріне жауап беру.
    9. Медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау.
    10. Бағдарламалар бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін ведомстволық бағынысты ұйымдарда іс-шараларды үйлестіру.
    11. Облыс МСАК ұйымдарының ҚЖА, МҚЖБ және т.б. кезінде көмек көрсету алгоритмдерін сақтау бойынша мониторингі.
    12. ҚЖА-дан, МҚЖБ-дан сырқаттанушылық пен өлім-жітім мониторингі.
    13. Қан айналымы жүйесі аурулары кезінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі жол картасының мониторингі.
    14. Инсульт кезінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша Жол картасын орындау мониторингі.
    15. Артериялық гипертензия, қант диабеті және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бойынша Ауруларды басқару бағдарламасын (АББ) енгізуді бақылау және мониторинг.
    16. Облыстың МСАК ұйымдарын өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСАА) бойынша Ауруларды басқару бағдарламасын (АББ) енгізуге дайындау.
    17. Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарды бағдарламалық гемодиализге іріктеуге қатысу.
    18. Нефрологиялық көмекті жетілдіру.
    19. COVID-19-ға күдікті және ауыратын науқастарға медициналық көмектің ұйымдастырылуына мониторинг жүргізу.
    20. Зертханалық қызметті жетілдіру мониторингі.
    21. Аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсетуді жетілдіру.
    22. Ересек халыққа қатерлі ісіктер мен қан түзілудің тежелуі кезінде медициналық көмекті жетілдіру жөніндегі Жол картасының орындалуын мониторингілеу.
    23. Эпилептологиялық көмекті жетілдіру бойынша Жол картасын орындау мониторингі.
    24. Облыстағы әскерге шақырылушыларды медициналық тексеруді ұйымдастыру.
    25. Патологиялық-анатомиялық қызмет жұмысының мониторингі;
    26. Жұқпалы, эндокринологиялық, офтальмологиялық аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету мониторингі.
    27. Облыста парентералдық вирустық гепатиттердің алдын алу, диагностикалау, емдеу және олардың салдарын болдырмау жөніндегі шараларды іске асыру.
    28. Облыста пульмонологиялық көмек көрсетудi жетiлдiру.
    29. Облыс бойынша инфекциялық, эндокринологиялық, офтальмологиялық қызметтерді дамыту бойынша жұмыс мониторингі.
    30. Облыстағы анестезиология және реаниматология қызметін жетілдіру.
    31. Облыс бойынша әскерге шақыру комиссиясының жұмысына мониторинг жүргізу.
    32. Облыс бойынша онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспардың орындалуына мониторинг жүргізу.
    33. Облыста психикалық денсаулықты қорғау қызметін дамыту.
    34. Облыста туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру.
    35. Облыста АИТВ инфекциясын болдырмау жөніндегі шараларды іске асыру мониторингі.
    36. ДДҰ/ЮНЭЙДС стратегиясын ескере отырып, облыста дерматовенерологиялық аурулары бар науқастарға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру.
    37. Облыста медициналық оңалтуды жетілдіру.
    38. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға медициналық көмек көрсету мониторингі, Өңірлік жоспарды іске асыру.
    39. Гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету жөніндегі Жол картасын іске асыру мониторингі.
    40. Орган донорлығын және трансплантологиясын дамыту жөніндегі жол картасын іске асыру мониторингі.
    41. Транспланттауды жүргізу үшін реципиент пен донор арасында генетикалық байланыс орнату жөніндегі этикалық комиссияның жұмысын жүргізу.
    42. Облыс бойынша медициналық ұйымдарды саралаудың ай сайынғы мониторингін жүргізу және нозологиялар бойынша өлім-жітім құрылымын талдау.
    43. Басқарманың жедел жұмысын жүргізуді қамтамасыз ету (үйлестіру кеңестері, аппараттық кеңестер, емдеу-алдын алу кеңестері және т.б.).
    44. Ведомстволық бағынысты ұйымдарда денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың (диагностика мен емдеудің мерзімді хаттамалары және т.б.) енгізілуін бақылау;
    45. Жоғары тұрған органдарға жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша толық және шынайы ақпаратты қалыптастыру.