Медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімі
Бастапқы медициналық-санитариялық көмекті ұйымдастыру бөлімі - денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және өңірлік денсаулық сақтау бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді; денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады; халықты әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы хабардар етеді; Мүмкіндігі шектеулі науқастарды өзге заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық консультацияларға жіберуді қамтамасыз ету; медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау органның ұсынысына сәйкес медициналық қызметтің сапасын жақсарту саласындағы уәкілетті орган бекіткен түрлер мен көлемдерге сәйкес амбулаториялық жағдайда, күндізгі стационарда және үйде тұрғындарға бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жұмыстарына бақылау жасайды және мониторингін жүргізуді ұйымдастырады; аурулардың ерте және жасырын нысандары мен қауіп-қатер факторларын айқындауға бағытталған алдын алу іс-шараларын жүзеге асырылуына бақылау жасайды. Меншік түріне қарамастан амбулаториялық-емханалық жағдайда медициналық көмегінің тиімділігі мен сапасын күшейту, аурудың алдын алу мен ерте кезінде анықтау мақсатында мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асырады; бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету бойынша медициналық көмектін сапасын жақсартуға бағытталған ұсыныстар енгізеді. БМСК ұйымдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді үйлестіреді, бақылау жүргізеді. Сала бойынша, оның ішінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметіне үйлестіру-әдістемелік жетекшілік жасайды және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне тексеру жүргізеді; медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау органның ұсынысына сәйкес медициналық қызметтің сапасын жақсарту саласындағы уәкілетті орган бекіткен түрлер мен көлемдерге сәйкес амбулаториялық жағдайда, күндізгі стационарда және үйде тұрғындарға бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жұмыстарына бақылау жасайды және мониторингін жүргізуді ұйымдастырады; БМСК ұйымдарындағы алдын алу, ауруды ерте сатысында анықтауға бағытталған жұмыстарды үйлестіреді (скринингтік тексерістер, флюорожоспар т.б.). БМСК ұйымдарымен жүргізілетін электрондық бағдарламаларды жүргізеді, сараптайды. Алқа мәжілістеріне және емдеу алдын-алу кеңестеріне материалдар дайындайды, олардың шешімдерінің орындалуын қадағалайды; санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдай қалыптастыру арқылы аурушаңдық деңгейін төмендету және халық арасында ақпараттық түсіндірме және көпшілік іс-шаралар (акциялар, спорттық жарыстар, тренингтер, семинар, конференциялар және т.б. жұмыстарын белсенді түрде ұйымдастыру арқылы санитарлық салауаттылығын арттыру мәселелерімен айналысады; бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарының ынталандыру компонентін өтеу жұмыстарын үйлестіреді және қадағалайды; аурулардың ерте және жасырын нысандары мен қауіп-қатер факторларын айқындауға бағытталған алдын алу іс-шараларын жүзеге асырылуына бақылау жасайды;