Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру және бақылау, кеңсе, ақпараттық технологиялар мен мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлімнің негізгі функциялары мен бағыттары:

    Бөлімнің жұмысына басшылық жасау, аудан әкімі аппараты мен ауылдық округ әкімдері арасында ұйымдық және ақпараттық байланысты жүзеге асыру, аудан әкімдігінің мәжілісінің күн тәртібін жоспарлау және өткізу, аудан әкімі мен оның орынбасарларында өтетін шараларды қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардың, тұрғындардың арыз-шағымдарын тексеріп, жауаптар әзірлеу. Аудан көлемінде өтетін ұйымдастыру-көпшілік шаралардың мерзімінде өтуін қадағалау. Аудан әкімінің баяндамасын, есептерін дайындау. Аудан әкімінің өкім, шешімдері мен әкімдік қаулыларының жобасын заңдылыққа сәйкес әзірлейді. Облыс, аудан әкімінің тапсырмаларының орындалуын бақылау. Азаматтарды мемлекеттік наградаға ұсыну жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Аудан әкімінің тұрғындармен кездесу жиындарын өткізу. Тұрғындар тарапынан айтылған сын-ескертпелердің, ұсыныс-пікірлердің орындалуын қадағалау. ҚР «Сайлау туралы» заңына байланысты жұмыстарды, іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету. Жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі бойынша жоғарғы органдардың актілері мен тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстар ұйымдастыру. Бөлімнің жылдық және тоқсандық жоспарын әзірлейді, оның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынады. Жоғары тұрған органдарға мерзімінде ақпараттар жолдау. Бөлім қызметкерлерінің арасында міндеттер бөлу және орындаушылық пен еңбек тәртібін қамтамасыз етеді. Ақпараттандыру және «электрондық үкімет» мемлекеттік саясаты және мемлекеттік реттеу бойынша аудан әкімі аппаратының бөлімдерімен және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және аудан әкімі аппаратының функцияларын автоматтандыру бойынша іс-шаралар жүргізу. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен аудан әкімі аппаратында біріңғай электронды құжат айналым жүйесін сүйемелдеу және енгізу. Аудан әкімінің ресми сайтына және блогына әкімшілік жасау және дамуын ұйымдастыру. Жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттандыру бағдарламаларын және жоспарларын қарастыру және келісуді ұйымдастыру. Аудан әкімінің веб-сайты мен виртуалды қабылдау арқылы түскен өтініштердің мерзімінде қаралып, орындалуын қамтамасыз ету. Жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету, ақпараттық технологияларды қолдану бағыттары бойынша жұмыстар ұйымдастыру. Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша жергілікті мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалауға бақылау жасау. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы талаптарының сақталуын қадағалау. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізуге жауапты. Аудандағы барлық автоматтандырылған функциялардың толтырылуына бақылау жасау. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің мониторингін жургізу. Ауданның мемлекеттік органдарының «Е-лицензиялау», «Е-әкімдік», «МОИП», «ЭҚАБЖ» ақпараттық жүйелерін енгізу және түсініктеме беру. Мемлекеттік органдардың «Ақпараттық технологияларды пайдалану» бағыты бойынша қызмет нәтижесінің тиімділігін бағалау жұмыстарын жүргізу. Бөлім басшысының басқа да құқықтары мен міндеттері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңымен реттелінеді. Сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарты (ИСО-9001) талаптарын орындау.