Электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Бөлімнің негізгі мақсаттары: 1) сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру және жүргізу; 2) электоралдық оқыту процестерін цифрландыру; 3) өкілеттігі шегінде Ортсайлауком қызметін ақпараттық қамтамасыз ету; 4) рефендумдарды ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі Ортсайлаукомның жұмысына қатысу.

    Бөлімді Ортсайлауком Төрағасымен келісім бойынша аппарат басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын бөлім меңгерушісі басқарады.