ТҚК қызметін ұйымдастыру бөлімі
Жалпы ақпарат
Бөлім терроризмге қарсы комиссияның қызметін қамтамасыз етеді, оның отырыстарын дайындау мен өткізуді ұйымдастырады, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылайды, сондай-ақ төмен тұрған терроризмге қарсы комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін үйлестіреді.
Өз құзыреті шеңберінде бөлім қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық үдерістерді талдайды, террористік қатерлердің алдын алу, терроризм тұрғысынан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету, терроризм салдарын азайту және жою жөніндегі шараларды әзірлейді және іске асырады.