Қорғаншылық, қамқоршылық және арнайы білім беру бөлімі
Жалпы ақпарат
Негізгі міндеттері:
- Арнаулы білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды және балалардың әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету және балаларды әлеуметтік қорғау, оңалту және бейімдеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету.
- Облыстың интернаттық ұйымдарында балаларды күтіп-бағу және тәрбиелеу үшін жағдай жасау мәселелерінде және бала құқығын қорғау мәселелерінде мемлекеттік саясатты іске асыру, Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекеттесу.