Қорғаншылық, қамқоршылық және арнайы білім беру бөлімі
Жалпы ақпарат
Арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және балалардың әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету және балаларды әлеуметтік қорғау, оңалту және бейімдеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету.
Ауданның интернаттық ұйымдарында балаларды күтіп-бағу және тәрбиелеу үшін жағдай жасау мәселелерінде және бала құқықтарын қорғау мәселелерінде мемлекеттік саясатты іске асыру, бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау.