Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының Қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі

    Бөлімдер

    Бөлімнің негізгі функциялары:

    1. Саясатты іске асыру: Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
    2. Құқықтарды қамтамасыз ету және қорғаншылық: Балалардың құқықтарын қамтамасыз етуді, олардың құқықтарының бұзылуын алдын алуды және ерте анықтауды үйлестіру, балалардың құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдау; кәмелетке толмағандарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;
    3. Отбасылық орналастыруды ұйымдастыру: Қорғаншылықты, қамқоршылықты, патронаттық тәрбиені, қабылдаушы және қонақжай отбасын белгілеу, тоқтату және сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастыру;
    4. Жағдайды мониторингтеу және бағалау: Қорғаншылықта (қамқоршылықта), патронатта, қабылдаушы отбасыларда, кәсіби қабылдаушы отбасыларда жатқан балалардың жай-күйін бағалау және қажетті көмек көрсету мақсатында кемінде алты айда бір рет оларға тұрақты барып тұру арқылы балалардың жағдайына мониторинг пен бағалау жүргізу;
    5. Тәрбие мен күтімді бақылау: Қорғаншылықта, қамқоршылықта және жетім балаларға арналған ұйымдарда жатқан балалардың өмір сүру, тәрбиелену және күтіп-бағылу жағдайларына мониторинг жүргізу;
    6. Құқықтарды қорғау: Кәмелетке толмағандардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын қорғау;
    7. Өтініштерді қарау: Азаматтардың қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері бойынша өтініштерін қарау;
    8. Құжаттар дайындау: Бөлімнің құзыреті шегінде қорытындылар, рұқсаттар, келісімдер және өзге де құжаттарды дайындау;
    9. Өзара іс-қимыл: Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша соттармен, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау органдарымен, құқық қорғау органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
    10. Алдын алу жұмыстары: Балалар құқықтарының бұзылуының және отбасылық қолайсыздықтың алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру;
    11. Заңнаманы бақылау: Қорғаншылық және қамқоршылық саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау;
    12. Өзге де функциялар: Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындау.

    Бөлім басшысы:Тасирова Жанна Рахимовна

    Қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері бойынша кеңестерді Алматы қаласының аудандық бөлімдерінің мамандары жүргізеді:

    • Алатау ауданы – Қожакеева Ботагөз Өмірханқызы: +7 701 318 84 71;
    • Алмалы ауданы – Жапарқұлова Дамира Қырғызбайқызы: +7 747 901 38 14;
    • Әуезов ауданы – Нұрбекова Светлана Балғабекқызы: +7 707 715 71 69;
    • Бостандық ауданы – Өтей Ескендір Арыстанбекұлы: +7 702 331 23 07;
    • Жетісу ауданы – Қалабай Өтепберген Қуатбайұлы: +7 707 610 57 67;
    • Медеу ауданы – Қанат Әлихан Қанатұлы: +7 707 333 95 98;
    • Наурызбай ауданы – Қуаныш Ақжан Есенбайқызы: +7 700 248 71 74;
    • Түрксіб ауданы – Тілеуқабыл Мәди Ұланұлы: +7 747 256 84 09.