Ономастикалық жұмыс бөлімі
Облыстағы ономастикалық жұмысты үйлестiру;
облыстық ономастика комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету;
ономастикалық объектiлер атауларын ретке келтiру мәселелерi бойынша материалдар дайындау, мониторинг ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының тiл заңнамасын iске асыру мәселелерi бойынша ономастикалық жұмыс және көрнекi ақпаратты заң талаптарына сәйкестендiру мәселелерi бойынша аудандық, қалалық әкiмдiктерге, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарға, мекемелер мен кәсiпорындарға тәжiрибелiк көмек көрсету;
облыстың мемлекеттiк архивтерiнде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттiк есебiн жүргiзу және сақталуын қамтамасыз ету;
облыс аумағында «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылау.