Ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Басқарманың ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімі:

    • Облыстық ономастика комиссиясының жұмысын ұйымдастырады;
    • Ақтөбе қаласы, аудан әкімдіктерінен елді мекендерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне, мемлекет меншігіндегі мекемелерге атау беру, қайта атау бойынша түскен ұсыныстарға сараптама жасайды;
    • оңтайлы ономастикалық саясат жүргізу барысында кездесетін мәселелерді жүйелеп отырады;
    • басқа да мүдделі органдарға бөлімнің негізгі мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды, енгізеді және белгіленген мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар мен нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
    • БАҚ-да ономастика мәселелерін насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
    • ономастика мәселелері бойынша танымдық әдебиеттер шығаруды ұйымдастырады, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізеді.