Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Алғашқы медициналық-санитарлық (амбулаториялық-емханалық) көмек пен жедел медициналық көмекті дамыту жөніндегі өңірлік саясатты қалыптастыру және іске асыру.

    Аурулардың алдын алу, саламатты өмір салтын насихаттау және жұқпалы емес аурулардың (ЖЕА) қауіп факторларын төмендету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және үйлестіру.

    Амбулаториялық деңгейде консультациялық-диагностикалық, стоматологиялық және зертханалық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету.

    Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК)саласында мемлекеттік қызметтер көрсету процесін жүргізу және үйлестіру

    Халықты скринингтермен, ересектерге арналған вакцинациямен, диспансерлеумен қамту мониторингі және ұлттық және халықаралық профилактикалық бастамаларды (STEPS, GATS, COSI және т.б.) іске асыру.

    Облыс аумағында мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді (ЖТМҚ) ұсынуды үйлестіру.

    Жедел медициналық көмек, медициналық авиация және жылжымалы медициналық кешендердің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру (өңірлік құзырет шеңберінде).