Қоғамдық даму бөлімі
қоғамдық даму бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
- Қоғамдық даму бөлімі (әрі қарай – бөлім) «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ (әрі қарай – әкім аппараты) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына бағынады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілері, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы», Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы Заңдары мен нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымдық, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының штат кестесіне сәйкес бекітіледі.
- Бөлім мыналардан тұрады:
1) бөлім басшысынан;
2) бас инспектордан;
3) бас маманнан.
- Қоғамдық даму бөлімінің негізгі мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Міндеті: ауданда халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру. Денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы жұмыс, тұрғындардың салауатты өмір салтын, халықтың әлеуметтік осал топтарының жағдайын жақсарту. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің заңнамаларын орындауды жүзеге асыру.
Функциялар:
1) мүдделі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен әлеуметтік жобаларды іске асыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
2) мүгедектігі бар адамдарды және халықтың әлеуметтік осал топтарының басқа да санаттарын әлеуметтік жобаға тарту;
3) әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы аға буын азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру;
4) әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру;
5) әлеуметтік жобаларды іске асыруды жақсарту үшін тәжірибені зерделеу және енгізу;
4) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
5) әлеуметтік жобаларды іске асыратын объектілерге бару, ақпаратты, есептерді жинау және қорыту, олардың жұмысының қорытындыларын шығару;
6) әлеуметтік жобаларды іске асыру, үкіметтік емес ұйымдармен әріптестікті дамыту;
7) әлеуметтік мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер, кеңестер, семинарлар, кездесулер ұйымдастыру және өткізу;
8) жоғары тұрған органдардың құжаттарын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру, бөлім қызметінің бағыттары бойынша есептілікті ұсыну.
- Міндеті: Бөлімнің аудандық комиссияларының, жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру.
Функциялар:
1) 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында ҰОС кезеңінде кемінде алты ай жұмыс істеген адамдарға жұмыс өтілін белгілеу жөніндегі арнайы аудандық комиссияның жұмысын жүргізу;
2) Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның жұмысын жүргізу, гендерлік аспектілерді қарау;
3) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңіне шақыру комиссиясын ұйымдастыру, әскери міндет және әскери қызмет туралы мәселелер бойынша ҚР заңнамасын ұйымдастыру және орындау;
4) кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі жұмысты жүргізу;
5) әлеуметтік маңызы бар аурулармен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын жүзеге асыру;
6) мүгедектер үшін қолжетімді ортаны сақтау тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеуді (паспорттауды) ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі аудандық комиссияның жұмысын жүзеге асыру;
7) жалғыз басты қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
8) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге қатысу және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;
9) кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру;
10) үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
- Міндеті: Бөлімнің әлеуметтік жұмыс бағыттары бойынша қызметті ұйымдастыруды, ақпараттық-талдамалық және құқықтық қамтамасыз етуді қамтамасыз ету.
Функциялар:
1) бөлімнің жұмысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына, нормативтік-құқықтық актілеріне, жұмыс бағдарламалары мен жоспарларына сәйкес ұйымдастыру;
2) аудан әкімінің қарауына халықтың қорғалмаған топтарының жекелеген санаттарының жағдайын жақсарту және қолдау, қызмет бағыттары бойынша әлеуметтік объектілердің жай-күйі мен жұмысы жөнінде ұсыныстар енгізу;
3) бөлімнің әлеуметтік қызметінің бағыттары, жетекшілік ететін құрылымдар бойынша тиісті ақпараттық-анықтамалық материалдарды қалыптастыру, аудандағы қоғамдық және әлеуметтік жағдайдың жай-күйін талдау, мемлекеттік қолдау көлемін көрсету;
4) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Алматы қаласы мәслихаты шешімдерінің, қала және аудан әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
5) өз құзыреті шегінде өкімдердің, шешімдердің және басқа да өкімдік құжаттардың жобаларын дайындау;
6) белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында, радиода, әлеуметтік желілерде жетекшілік ететін мәселелер бойынша аудан қызметін жариялауды ұйымдастырады.
- Міндеті: аудандық қызметтермен, ұйымдармен, мекемелермен және қала басқармаларымен өзара іс-қимыл жасау:
1) Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы;
2) Наурызбай ауданы бойынша ведомствоаралық төлем орталығы;
3) Наурызбай ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы;
4)Алматы қаласы Наурызбай ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы;
5) Наурызбай ауданының полиция басқармасы;
6) Алматы қаласының фтизипульмонология орталығы;
7) Алматы қаласының наркологиялық орталығы;
8) Алматы қаласының «ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы»;
9) Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы;
10) Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы;
11) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ;
12) медициналық ұйымдар.
Функциялар.
1) жетекшілік ететін ұйымдар мен мекемелердің, бөлімдердің жұмыс қорытындыларын шығару, аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының келісімі бойынша көтермелеу, наградаларға ұсыну немесе жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіппен аудан басшылығына ұсыныстар енгізу;
2) Әлеуметтік сала және денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін қарау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру.
- Құқықтары мен міндеттері:
- Әкім аппаратының бөлімдерінен, құрылымдық бөлімшелердің, аудандық қызметтердің басшыларынан жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қызмет бағыттары бойынша ақпаратты, құжаттарды, қажетті мәліметтер мен материалдарды сұрату.
- Белгіленген тәртіппен қала және аудан іс-шараларына, басшылықтың планерлік кеңестеріне және бөлім қызметінің бағыттары бойынша басқа да іс-шараларға қатысу.
- Бөлім жұмысын жетілдіру жөнінде аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының келісімі бойынша, аудан әкіміне ұсыныстар енгізу.
- Аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен, қалалық және аудандық қызметтермен өзара іс-қимыл жасау.
- Құрылымдық бөлімшелер басшыларының лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қала әкімі мен қалалық басқармалардың атына қызметтік хаттар жолдау.
- Қоғамдық даму бөлімінің бөлімінің қызметін ұйымдастыру
- Бөлім қызметкерлері лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген жұмыс жағдайына дербес жауапты болады.
- Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.