Қоғамдық-саяси жағдай бөлімі
Негізгі міндеттері болып табылады:
Бөлім құзыретіне қатысты Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер мен тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларын, облыс әкімінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларын орындалуын ұйымдастыру және бақылауын қамтамасыз ету, Басқарма басшысы, оның орынбасарларының тапсырмаларын орындау.
Басқарманың Бюджеттік бағдарламалары мен Қостанай облысы аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және оларды іске асыру қорытындысы бойынша жедел есеп берудің дайындығын жүзеге асыру.
Басқарманың құзыреттері бойынша тұжырымдамалар, бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Басқарманың қызметін жоспарлау, жоспарлардың орындалуының мониторингі, аппараттық мәжілістерін дайындау және өткізу, хаттамалық шешімдерді орындау мониторингі бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Өңірдегі мемлекеттік мерекелерді өткізуін саяси жоспарлау, қоғамдық-саяси іс-шаралардың облыстық оқиғалар қатарын қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Ірі қоғамдық-саяси оқиғаларға арналған өңірлік іс-шараларды дайындау және өткізу.
Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың және әлеуметтік шиеленіс ошақтарының күн сайын, апта сайын, ай сайын, тоқсан сайын және жыл сайынғы мониторингі бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Бөлімнің құзыретіне кіретін ішкі саясат мәселелері бойынша жоғары тұрған органдарға, облыс әкімдігіне, облыстың қалалар мен аудандарының ішкі саясат бөлімдеріне ақпараттық-талдамалы материалдарды дайындау.
Жүйені жетілдіру және қоғамдық-саяси ахуалдың мониторингін жүргізу әдістемесі мәселелері бойынша министрліктермен, басқармалар мен департаменттермен, облыстың қоғамдық пікір көшбасшыларымен, қалалар мен аудандардың ішкі саясат бөлімдерімен, республикалық, облыстық әлеуметтік зерттеулер орталықтарымен, облыстың жоғары оқу орындарының әлеуметтану және қоғамдық ғылымдар кафедраларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
Өңірлік аспектіні ескере отырып, қоғамдық-саяси мәселелер жөніндегі қолданбалы әлеуметтік зерттеулердің тақырыбын әзірлеу және өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың кейінгі болжамына бағытталған әлеуметтік зерттеулерді ұйымдастыру негізінде қоғамдық пікірдің жағдайы мен өзгерісінің монииторингін және талдауын жүргізу.
Телефон: 575-194
Е- mail: [email protected]