Қоғамдық-саяси жұмыс бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Қоғамдық-саяси жұмыс бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы», «Саяси партиялар туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, әкімдіктің қаулыларын және қала әкімінің өкімдерін, Басқарма басшысының бұйрықтарын, Басқарма туралы Ережені басшылыққа алады.