Жалпы орта білім беру, инновациялар және оқытудағы жаңа технологиялар бөлімі
Жалпы білім беретін орта мектептер арасында мемлекеттік саясатты жүргізеді, оларды дамытуды жоспарлайды және саралайды, барлық деңгейде жалпы орта үздіксіз білім беруді қамтамасыз етеді, мемлекеттік бағдарлама мен тапсырысты жүзеге асырады.
Мемлекеттік стандарттардың сақталуын бақылайды, жаңартылған білім мазмұны бойынша жұмыс жүргізеді.
Шектеу шаралары кезінде жалпы орта білім беретін мектептердің жұмысын қадағалайды.
Кәсіптік дайындық, қайта даярлау және мұғалім біліктілігін арттыруды жүзеге асырады.
Шектеу шаралары кезінде педагогтарға арналған семинарлар мен вебинарлар ұйымдастырып, өткізеді.
Қазіргі заманға сай оқыту технологиясы мен озық педагогикалық тәжірибені оқыту процесіне енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Орта білім жүйесін цифрландыру және ақпараттандыру жұмыс жүргізеді.
Оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастыруына және білім берудің жалпы міндетті мемлекеттік стандартының орындалуына бақылау жасайды.