Білім және қоғамдық даму бөлімі
Білім және қоғамдық даму салалары бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлер болжамы негізінде бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне жоспарлы кезеңге шығыстар көлемін (лимитін) есептеп, жеткізу, сондай-ақ, жоспарлы кезеңге арналған облыстық (республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен) бюджетті нақтылау немесе түзету енгізу барысында тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсынылған бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламаларын заңнамаларға сәйкестігін қарау, талдау жүргізу, нәтижесі бойынша:
- облыстық бюджеттік комиссиясының қарауына қорытынды және тиісті ұсыныстар мен мәліметтерді дайындау;
- мақұлданған ұсыныстар бойынша облыстық мәслихатқа тиісті материалдарды (облыс әкімдігінің қаулы жобасы және т.б.) әзірлеу, ұсыну;
- облыстық мәслихатпен бекітілген шешімді іске асыру бойынша облыс әкімдігінің қаулысын әзірлеу шараларына қатысу;
Жетекшілік ететін салалары бойынша тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жоспарлы кезеңге жалпы сипаттағы трансферттер (субвенция) көлемін қалыптастыру барысында, оған қатысты есептерін қарау және келісу шараларына қатысу;
Басқарманың басқа бөлімдерімен бірлесе отырып: білім және қоғамдық даму салалары бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және Үкіметтік бағдарламалардың орындалуы, Шымкент агломерациясы, шекара маңындағы аумақтар, тіректі ауылдық елді мекендер, аудан орталықтарын дамыту жөнінде іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізіп, нәтижесі бойынша тиісті мәліметтер әзірлеу, белгіленген көрсеткіштерді жақсарту, қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін ұсыныс енгізу;
Білім және қоғамдық даму салалары бойынша облыстың 5 жылға арналған даму бағдарламасындағы түйінді индикаторларға талдау жасау және ай сайынғы орындалуына мониторинг жүргізу, нәтижесімен белгіленген көрсеткіштерді жақсарту, қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін ұсыныс енгізу, жетекшілік ететін салалары бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің, аудан және қала әкімдіктерінің жұмыстарын үйлестіру, сондай-ақ Арыс қаласына, Сайрам ауданына жалпы жетекшілік жасау;
Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен облыс әкімдігіне жетекшілік ететін салалары және басқа да қажетті ақпараттық-сараптамалық материалдарды дайындап, ұсыну;
Жетекшілік ететін мәселелеріне қатысты келіп түскен тапсырмаларды, сондай-ақ, басқарма басшысы және оның орынбасарларының басқа да тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету;
Бөлім өзіне жүктелген міндеттердің сапалы және мерзімді орындалуына жауапты;
Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді Басқарманың басқа бөлімдерімен бірлесе орындайды.