Жезқазған қаласының білім бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Ұлытау облысы білім басқармасының «Жезқазған қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Жезқазған қаласының аумағында білім саласына басшылық пен үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады