Ауыз сумен және кәрізбен қамтамасыз ету бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеттері: Қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына жобалау-сметалық құжаттамалар, техникалық экономикалық негіздер жерге орналастыру жобаларын әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді. Энергетика және коммуналдық шаруашылық саласындағы өңірлік ғылыми-техникалық саясатты әзірлеу және іске асыру.
Ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды және даму бағдарламаларын іске асыру, мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын инженерлік желілерді салу, қайта жаңғырту, қайта жаңалау, жаңғырту және қалпына келтіру кезінде тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру. Қаланың су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желілерін және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерін құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады.