Тұлғаның рухани-адамгершілік дамыту, тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімі
Жалпы ақпарат
- облыстың білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға өз құзыреті шегінде қатысады;
- сауықтыру лагерлері мен мектептен тыс ұйымдардың қызметін талдайды және даму болашағы мен үрдістерін болжайды;
- жетекшілік ететін мәселелер бойынша құрылымдық-басқару бөлімшелерінің, жергілікті білім беру органдарының өзара іс-қимылын белгіленген тәртіпте үйлестіреді;
- жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы және балаларды тәрбиелеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыруда білім беру басқармасы органдарына және оқу орындарына практикалық көмек көрсетеді;
- өз құзыреті шегінде жетекшілік ететін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- жетекшілік ететін мәселелер бойынша аналитикалық анықтамалар, есептер дайындайды;
- өз құзыреті шегінде облыстық семинар-кеңестер, семинар-практикумдар, басқа да іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
- жетекшілік ететін мәселелер бойынша басқарма, облыс әкімдігі алқа қаулыларының, бұйрықтарының жобаларын қарауға енгізеді;
- бөлім құзыреті шегінде білім беру ұйымдарының педагогикалық кадрларын аттестациялауды өткізуге қатысады.