"Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" ММ-нің жер қойнауын пайдалану бөлімі
Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу және кен іздеушілік үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
Жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған, кен іздеушілікке арналған лицензиялар шарттарын сақтауына бақылау жасау және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге және кен іздеушілікке бақылау жасау;
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын ауыстыруға рұқсат беру, жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуына байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға өзгерістер енгізу, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеу;
Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін берілген және жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттар талаптарының сақталуына және тоқтатылуына бақылауды жүзеге асыру;
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша сараптамалық комиссияны ұйымдастыру мен өткізу;
Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және жұмыс бағдарламасының жобасын қарастыруға жер қойнауын пайдаланушылармен тікелей келіссөздер жүргізу бойынша жұмыс тобын ұйымдастыру мен өткізу.