Жер қойнауын пайдалану бөлімі
Жер қойнауын пайдалану бөлімі Қостанай облысы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Міндеті:
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен, басқа да орталық атқарушы органдармен, қалалық және аудандық атқарушы органдармен, облыстық басқармалар мен бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
Функциялары:
1)Қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпалетудің өзгеде шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі консультативтік-кеңесші органның жұмысы бойынша мемлекеттік органдармен және кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау;
2)Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдарын, ұсыныстары мен өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау;
3)Форумдарды, семинарларды, таныстырылымдарды, конференцияларды, конкурстарды және көрмелерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
4)Материалдарды, есептерді және ақпараттарды дайындау;
5)Жер қойнауын пайдалану саласын дамыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жер қойнауын пайдалану саласындағы мониторингті жүзеге асыру;
6)Облыс әкімінің өңірге жұмыс сапарларына арналған ақпаратты және жұмыс сапарлары барысында берілген тапсырмалардың орындалуы туралы мәліметтерді дайындау;
7)Жоғары тұрған органдардың, облыс әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету.