Сауда мониторингі және құқықтық сүйемелдеу бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Мониторинг және бақылау бөлімінің міндеттері сауда қызметі саласында мониторинг пен талдауды жүзеге асыру. Комиссияның жұмыс органының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасының мөлшерін бекіту жөніндегі қызметін ұйымдастыру. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеуге бағытталған шараларды әзірлеу және іске асыру. Стационарлық сауда объектілерін дамыту үшін іс-шаралар кешенін әзірлеу, үйлестіру және іске асыру. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу. Басқарманың интернет-ресурсын жүргізу.