Агроөнеркәсіп кешені және жер қатынастары саласын мониторингілеу бөлімі
Жалпы ақпарат
1) облыс әкімінің және облыс әкімінің орынбасарының қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету, сондай-ақ ауыл шаруашылығын және ветеринарияны дамыту, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу салаларында мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жүргізу;
2) облыс әкімі қойған міндеттер мен тапсырмаларды іске асыру бойынша қалалар мен аудандар әкімдерінің және басқарма басшыларының қызметін үйлестіру;
3) үйлестірілетін бағыттар бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес облыс әкімі мен облыс әкімдігі құзыретіне кіретін міндеттердің сапалы орындалуын үйлестіру және бақылау.