Қоғамдық-саяси жағдайды мониторингтеу және азаматтық сектор жұмысын ұйымдастыру бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Облыста болып жатқан қоғамдық-саяси процестерді, олардың даму үрдістерін тұтас жүйелі, объективті зерделеуді, жинақтауды және талдауды қамтамасыз ету;

    Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың мониторингін, талдауын және болжамдауды ұйымдастыру;

    Қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту және әлеуметтік шиеленіс ошақтарына жол бермеу жөнінде ұсынымдар дайындау;

    Қоғамдық-саяси ахуалдың мониторингін жетілдіру бойынша әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, төменгі құрылымдар қызметкерлерімен мониторинг мәселелері бойынша әдіснамалық семинар-тренингтер өткізу, ел ішіндегі және шетелдердегі талдамалық жұмыс тәжірибесін зерделеу;.

    Әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешу бойынша мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

    Саяси партиялармен және қозғалыстармен, үкіметтік емес ұйымдармен, азаматтық қоғамның басқа да институттарымен тікелей байланыс орнату, қоғамдық-саяси іс-шараларға тарту жолымен өзара іс-қимыл жасау;

    Кері байланыс тетіктерін және мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының жаңа нысандарын қалыптастыру.