Мониторингтеу және мүгедектер мен ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсету бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлім қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттарын айқындау, бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмысты жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру.

    Ведомстволық бағынысты мекемелердің, белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған бейімдеу орталықтарының, жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге, кемтар балаларға қызмет көрсету бойынша үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің қызметін, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың үйлестіру жөніндегі жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру. Қарттар мен мүгедектерге медициналық-әлеуметтік мекемелерге жолдамалар беру жөніндегі бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және бақылау. Әлеуметтік мекемелердің құрылысы, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту бойынша қажетті құжаттарды дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру.

    Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау кезінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне практикалық көмек көрсету. Халықтың өмір сүру деңгейін және халықты әлеуметтік қорғаудың тиімділігін арттыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қатысу. Халықтың аз қамтылған топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мен жай-күйін талдау.

    Әлеуметтік мекемелер желісін кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізу, қажетті құжаттаманы дайындау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру, үйде жұмыспен қамту әлеуметтік көмек бөлімдері арқылы белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарының қызметін үйлестіру, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, ережелерді, нұсқаулықтарды, ұсынымдарды әзірлеу, әлеуметтік мекемелердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Жоғары тұрған мемлекеттік органдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша есептер, ақпараттар дайындау.

    Басқарманың отырыстары мен аппараттық кеңестерін өткізуді ұйымдастыру, хаттамалық шешімдерді дайындау, жүргізу, ресімдеу және олардың орындалуын бақылау;

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті мерзімдерде бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен ұйымдардың ұсыныстарын, өтініштерін, хаттарын

    шағымдарын және өзге де өтініштерін қарау.

    Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және функциялардың жүзеге асырылуына дербес жауапкершілік.

    Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру.

    Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын сақтау.