Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мониторинг бөлімі
Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету;
Жалғызілікті қарт азаматтарды және мүгедектерді медициналық-әлеуметтік мекемелерге орналастыру туралы шешім қабылдау;
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінің, тұрақты тұрғылықты жері жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарының қызметін үйлестіру;
Қазақстан Республикасының мүгедектер мен ардагерлерді әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету;
Басқарманың қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
Жоғары тұрған мемлекеттік органдар Басқарма басшылығының құжаттары мен тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылау;
Қызметтік құжаттарды, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін жедел қарауды ұйымдастыру;
Бөлім қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің құзыретіне жататын өзге де міндеттерді жүзеге асырады.