Мемлекеттік қызметтер монитрингі және ақпараттық технологиялар бөлімі
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты үйлестіреді, Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыста мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға практикалық көмек көрсетеді және талдайды, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметтерге мониторинг жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін регламенттейді,мемлекеттік органдардың қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің іске асырылуын және орындалуын бақылайды, жергілікті атқарушы органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, сондай-ақ қызметін үйлестіруді жергілікті атқарушы орган жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі мемлекеттік бақылау (Бақылау іс-шарасы) жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есеп дайындайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініштер мен шағымдарды қарайды және "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауап жобасын әзірлейді.