Жастар және отбасы саясаты бөлімі
- Жастар және отбасы саясаты бөлімі(бұдан әрі - бөлім) Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының (бұдан әрі - басқарма) құрылымдық бөлімі болып табылады;
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Волонтерлік қызмет туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Заңдарын басшылыққа алады, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, облыс әкімдігінің қаулылары мен облыс әкімінің өкімдерін, басқарма басшысының бұйрықтарын, Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы туралы Ережені, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. Бөлім туралы ереже, оның міндеттері, қызмет ауқымы мен құқықтары, қызметкерлер арасындағы атқаратын міндеттерді басқарма басшысы бекітеді.
1.3. Басқарманың стратегиялық міндеттеріне сәйкес бөлімнің басты міндеті аймақтағы қоғамдық-саяси тұрақтылық пен халық бірлігін сақтауға бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
1.4. Бөлімнің Ережесін, оның мақсаттарын, құқықтарын, бөлім қызметкерлерінің арасында міндеттерін бөлуді басқарма басшысы бекітеді.
- Бөлімнің құрылымы және ұйымдастыру
Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес негізгі міндеттер мен функцияларды жүзеге асыруға құзыретті болып табылады.
Бөлім құрылымына – бөлім басшысы, үш бас маман кіреді, олар әкімшілік қызметкерлер болып табылады және оларды қызметке алу мен босату ҚР заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы, бөлімге басшылық етеді.
Бөлім басшысы басқарма басшылығына құрылымдық бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар енгізеді.
Басшы бұл бағытта:
1) Бөлім басшының міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен заңнамаларға сәйкес өзге де құзыретті жүзеге асырады.
Бөлім мамандары өз құзіреті шеңберіндегі сұрақтарға байланысты жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынас ұйымдастырады.
Бөлім атынан басқа бөлімдерге немесе мемлекеттік органдарға жолданатын құжаттарға құрылымдық бөлімнің басшысы, ал егер басшы болмаған жағдайда, оның орнына жауапты тұлға қол қояды.
- Бөлімнің негізгі функциялары
3.1. Жастар арасында азаматтық бастамашылық пен қазақстандық патриотизмді жоғарылату бойынша жұмысты ұйымдастыру;
3.2. Түрлі деңгейдегі әкімдіктер жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестердің жұмысын үйлестіру;
3.3. Жетекшілік ететін сұрақтар бойынша студент жастармен, жоғарғы оқу орындарымен, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерімен және ондағы жастар ісі жөніндегі комитеттерімен жұмыс жасау;
3.4. Жас мамандарды ауылға тарту үшін ауыл жастарымен, жоғарғы оқу орындармен жұмыс жүргізу;
3.5. Әскери-патриоттық тәрбиемен айналысатын ұйымдардың жұмысын үйлестіру және әскери-патриоттық клубтардың дамуын үйлестіру;
3.6. Мемлекеттік органдармен, оқу орындарымен, үкіметтік емес ұйымдарымен салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында бірлесе жұмыс жасау, жастар арасында балалар және жасөспірімдер спортын, жастар спортын дамыту;
3.7. NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу, олардың санын азайту бойынша шаралар қабылдау;
3.8. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылдау;
3.9. Еріктілер қозғалысын дамыту бойынша жұмысты үйлестіру;
3.10. Жастардың студенттік құрылыс жасақтарының, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының, педагогикалық жасақтардың қызметін үйлестіру;
3.11. Жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру;
3.12. Жастар бастамаларын, шығармашылық белсенділігін арттыру, дарынды жастарды қолдау, жастардың бос уақытын ұйымдастыру;
3.13. Нашақорлықпен, ішімдікпен, шылым шегумен күрес және оның алдын алу бойынша жұмысты үйлестіру;
3.14. Жастар арасында отбасылық қатынастарды, моральді-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту бағытындағы жұмысты үйлестіру;
3.15. Бас бостандығынан айыру мекемелерінен оралған және қылмыстық жазасын өтеуші жастармен оңалту және бейімдеу жұмыстарын жүргізу;
3.16. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне, Жетісу облысының әкімдігіне және өзге де мемлекеттік органдарға бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген есепті сапалы әзірлеп, уақытылы жолдауды қамтамасыз ету;
3.17. Бөлімнің құзыреті шеңберінде нұсқаулықтар, бағдарламалар, жоспарлар, жобалар мен өзге де құжаттарды дайындау;
3.18. Бөлім құзыретіне сәйкес мәселелер бойынша азаматтар мен лауазымды тұлғаларды қабылдау, хаттарды, өтініштер мен арыздарды қарау;
3.19. Бөлімнің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша жастар ұйымдарымен, оқу орындарымен, саяси партиялармен, ұлттық мәдени бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен қатынас жасау;
3.20. Қазақстанның ұзақ мерзімді басымдықтары негізінде мемлекеттік жастар саясаты саласында ұсыныстар мен тәжірибелік ұсынымдар әзірлеу;
3.21. Алматы облысы жастарының төлқұжатын әзірлеу және мерзімді түрде жаңартып отыру;
- Бөлімнің құқықтары мен міндеттері
4.1. Өзінің құзыреті шегінде мәселелерді қарастыруға және олар бойынша шешімдер қабылдауға, тиісті органдармен және лауазымды тұлғалардан оның орындалуын талап ету.
4.2. Бекітілген тәртіпте лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды алу.
4.3. Лауазымдық қызметіне сәйкес қызметтік міндеттері мен көлемін басшыдан нақты анықтап, белгілеуін талап ету.
4.4. Мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру, үкіметтік емес ұйымдарымен жұмысты үйлестіру бойынша жоғары мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға ұсыныстар енгізуге, оның ішінде бөлімнің жұмысын арттыру бойынша басқарма басшысына ұсыныс енгізу.
4.5. Өзге мекемелер мен ұйымдарда өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарма атынан сәйкесінше келіссөздер жүргізу.
4.6. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін және Қазақстан Республикасының бөлім қызметіне қатысты өзге де нормативтік-құқықтық актілерін білу және сақтау.
4.7. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіпте және мерзімде қарау, олар бойынша қажетті шара қолдану.
4.8. Заңнамамен белгіленген, еңбек тәртібін және қызмет этикасы нормаларын сақтау.
4.9. Басқарма басшысының бұйрықтарын, жоғары мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыреттіліктері шегінде шығарылған шешімдері мен нұсқаулықтарын орындау.
4.10. Қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі алынған, азаматтардың жеке өміріне, ар-намысына әсер ететін мәліметтерді құпияда сақтау.
4.11. Мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету.
4.12. Сыбайлас жемқорлық оқиғалары белгілі болған жағдайда басқарма басшысына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлау.
4.13. Еңбекті қорғау нормалары мен тәртібін, өртке қарсы қауіпсіздік техникаларын сақтау.
4.14. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жиналыстарға, коллегияларға, комиссия отырыстарына материалдар әзірлеу.
- Бөлімнің жауапкершілігі
5.1. Бөлім функциялары мен міндеттерін іске асыру жолындағы жоспарларды орындайды және оны іске асырады;
5.2. Лауазымдық нұсқауларға сәйкес жүктелген қызметтік міндеттерді орындайды;
5.3. Жоғары тұрған құрылымдарға жіберілген ақпараттың уақытында және сапалы дұрыс берілуін қадағалайды;
5.4. Берілген құқықтарды дұрыс және мезгілінде қолданады;
5.5. Мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтайды.
- Қорытынды ережелер
6.1. Бөлімнің таратылуын және құрылуын басқарма басшысы жүзеге асырады.
6.2. Ережеге басқарма басшысы бекітетін толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін.