Жылыой ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімі

    Об отделе

    Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

    1. Міндеті:

    1) Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғау шараларының орындалысын сақталуын қамтамасыз ету;

    2) Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағытында іс-шараларды ұйымдастыру;

    3) Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру, мемлекеттік органдарда жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;

    4) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің және заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;

    5) қала, кент және ауылдық округ әкімдері аппаратымен дербес бөлімдердің бас мамандарына азаматтық қорғау саласында тәжірибелік көмек көрсету.

    Функциялары:

    1) Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі оқуына және дайындық жұмыстарына қатынасу, сонымен қатар азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастырады;

    2) Әскери жұмылдыру дайындығы бойынша нормативтік құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз ету, жұмылдыру мәселелері бойынша шараларды және жоспарларды жасақтау және орындалуын бақылайды.

    Құқықтары мен міндеттері:

    1) сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді;

    2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді тұрақты негізде үйлестіреді;

    3) мемлекеттік орган әзірлейтін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысады;

    4) мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және мемлекеттік органның жұмылдыру мәселелер жөніндегі құжаттарын дайындайды;

    5) мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;

    6) мемлекеттік органға келіп түскен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелендірілген есебін және олардың сақталуын ұйымдастырады;

    7) өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттарды және мәліметтерді мемлекеттік органның бөлімдерінен сұратуға;

    8) Консультативті-кеңесші орган болып табылатын терроризмге қарсы комиссиясының отырыстарын ұйымдастырады, комиссияның іс-қағаздарының жүргізілуін қамтамасыз етеді;

    9) Терроризмге қарсы іс-қимыл саласында ахуалға әсер ететін саяси, әлеуметтік экономикалық, діни және өзге де процестерге мониторинг жасау, бағалау және болжау жұмыстарын жүргізеді;

    10) Терроризмнің профилактикасы, терроризм көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайлардың алдын алуға, оны жоюға, террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында объектілер басшыларына түсіндірме жүргізу жұмыстарын ұйымдастырады, қорғалуы бойынша жай-күйді зерделейді, проблемаларды талдайды, объектілердің паспортталуын қамтамасыз ету бағытында жұмыстарды үйлестіреді;

    11) мемлекеттік органның басшысының келісімімен нормативтік құқықтық мәселелер жөніндегі құжаттарын әзірлеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөнінде іс-шаралар мен мемлекеттік органда жалпыға бірдей құқықтық оқытуды іске асыру үшін басқа бөлімдердің қызметкерлерін тартуға құқылы.