Көші-қон жүйелері бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Көші-қон жүйелер бөлімінің негізгі міндеттері:

    1) белгіленген мерзімде шетел жұмыс күшін тарту бойынша есепті бекітілген нысанға сәйкес статистикалық есептерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, статистикалық органдарға береді.

    2) «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметін уақтылы және сапалы көрсету жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету.

    3) бөлімнің құзыретіне жататын сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілер мен басқа актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу.

    4) Алматы қаласы әкімдіктерінің аудандық аппараттарымен жүзеге асырылатын үй шаруашылығындағы жұмыстарды орындау үшін еңбекші көшіп келушілерді тарту қажеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру

    5) «босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату» функциясын уақтылы және сапалы көрсету жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету.

    6) босқын мәртебесін беру туралы қолдаухатты тіркеу және қарау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету.

    7) халықтың көші-қоны саласындағы міндеттерді өзінің шегінде жүзеге асыру.

    8) «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңға сәйкес, «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметті уақытында және сапалы көрсету бойынша жұмыстарын қамтамасыз ету.

    9) Қазақстан Республикасы азаматтарының Шақыруларын ресімдеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру.

    10) жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау қызметтерін қамтамасыз ету.

    11) «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы мемлекеттік қызметін уақтылы және сапалы көрсету жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету.

    12) Комиссияның құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санатының тізбесін және санын айқындау қағидаларына сәйкес жұмыстарына қатысу.

    13) Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған базада мобильді қосымшалардың немесе платформалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарға деректерді беру және осы саладағы жұмысты одан әрі үйлестіру.

    14) шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын ұсыну қағидаларына сәйкес жұмысты үйлестіру.