Конфессияаралық қатынастар бөлімі

    Бөлім туралы

    Ақтөбе облысы дін істері басқармасының

    конфессияаралық қатынастар бөлімі туралы ереже

    1. Жалпы ережелер

    1.1. Конфессияаралық қатынастар бөлімі дін істері басқармасының (әрі қарай-Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және тікелей Басқарма басшысына бағынады;

    1.2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясының Заңдарына, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс әкімінің актілеріне, «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүргізеді.

    1. Бөлімнің міндеттері
    • Облыста конфессияаралық және ұлтаралық келісімді сақтау, экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету, заңнаманы түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттық іс-шаралардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру және шараларға қатысу;
    • Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнамасын бұзуға қатысты мәселелерді қарастыру;
    • Мемлекеттік ақпараттық саясаттың БАҚ арқылы Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнамасының насихатталуын қамтамасыз ету;
    • Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету жүзеге асырады.
    1. Бөлімнің құрылымы

    3.1. Бөлімнің құрылымы, штаттық саны Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның өкілетті лауазымды тұлғасы бекітеді.

    1. Бөлімнің функциялары

    Білім ордаларында, елді-мекендерде азаматтардың дiни сенiм бостандығын, құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат мәселелерi бойынша діни ақпараттық-түсіндіру топтарымен облыс көлемінде оңалту жұмыстарын жүргiзу;

    • Заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдарды, өтініштерді заңға сәйкес жауап қайтарылуын қамтамасыз ету;
    • Облыс аумағында құрылған христиан бағытындағы дiни бiрлестiктердiң қызметтерiне рейдтік шара ұйымдастыру, зерделеу, талдау, мониторинг жүргізу және олар туралы ақпараттық дерекқорды қалыптастыру;
    • Басқарманың жылдық жоспарына сәйкес, жалпы дін саласында атқарылған қызметтерге және облыстың діни ахуалына мониторинг жүргізу;
    • Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
    • Басқарманың жылдық жоспарын бекітеді және орындалуын қадағалайды:
    • Жылына 2 рет өткізілетін Облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес және Клуб отырысының уақытылы өткізу.