Халықаралық-құқықтық бөлімі
Жалпы ақпарат
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының халықаралық ынтымақтастық бөлімі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімнің негізгі мақсаттары: 1) Ортсайлаукомның сыртқы байланыстарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастыру; 2) Сайлау жүйелері саласында Ортсайлаукомның халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыру; 3) Қазақстан Республикасы азаматтарын шет мемлекеттердегі сайлауларды байқауға жіберу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Бөлімді меңгеруші басқарады, оны лауазымға Ортсайлауком аппаратының басшысы тағайындайды және лауазымынан босатады.