№2 Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу мемлекеттік қызметін олардың себептерін, мерзімдерін, басталу уақытын айқындай отырып көрсету; Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеу және кезекті куәландыру кезінде олардың орындалуына мониторинг жүргізу. Еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде мертіккен немесе денсаулығына өзге де зақым келген қызметкердің (бұдан әрі – зардап шеккен қызметкер) көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне қажеттілігін айқындау.

    Функциялары: мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін олардың себептерін, мерзімдерін, басталу уақытын айқындай отырып белгілеу; мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкінің ААЖ қалыптастыру, мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу және түзету және олардың орындалу мониторингі, зардап шеккен қызметкердің көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне мұқтаждығын анықтау.