Материалдық-техникалық жарақтандыру және Мемлекеттік сатып алу бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Материалдық-техникалықжарақтандыру жәнемемлекеттіксатып алу бөлімі

    Мақсаты:

    1) Ақмола облысының Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру; 2) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу азаматтар мен оралмандарды уақытша бейімдеу және детоксикация жөніндегі медициналық қызметтерді қоса алғанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмекпен және дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету.

    Функциялары:

    1) денсаулық сақтау саласында азаматтар мен оралмандарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді реттейді;

    2) ТМККК және ӘМСҚ шеңберінде медициналық бұйымдарды, дәрілік заттарды, вакциналарды сатып алу бойынша тендер ұйымдастырады, өткізеді;

    3) мемлекеттік сатып алу саласындағы Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

    4) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторларының қызметін үйлестіреді;

    5) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдайды;

    6) Өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

    7) медициналық ұйымдар үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мониторингін және жүргізілуін бақылауды ұйымдастырады;

    8) медициналық ұйымдар үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізеді;

    9) денсаулық сақтау басқармасының және ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдардың мүліктік және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерін құқықтық құралдармен қорғауды қамтамасыз етеді;

    10) облыстың денсаулық сақтау ұйымының құрылысын және күрделі жөндеулерін ұйымдастыруды, құжаттарды дайындауды, бақылауды жүзеге асырады;

    11) медициналық мекемелерді күрделі жөндеу бойынша бюджеттік өтінімді дайындауды жүзеге асырады;

    12) энергия аудитін жүргізу мониторингі;

    13) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру есебін бірлесіп орындауды жүзеге асырады;

    14) қосымша қаржыландыру үшін ақпарат дайындауды жүзеге асырады;

    15) жергілікті қамту үлесінің мониторингі;

    16) күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеу жөніндегі тізбені қалыптастырады;

    17) медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;

    18) медициналық жабдықтың жарақтандырылуына, олардың жұмыс тиімділігіне бағалау жүргізеді, мемлекеттік тексерулердің уақтылығына бақылау жасайды, медициналық жабдықты сатып алу, беру және есептен шығару туралы қажетті есептер мен құжаттарды дайындайды және ұсыныстар енгізеді;

    19) жергілікті бюджет қаражаты есебінен жабдық сатып алуға бюджеттік өтінімдерді қалыптастырады;

    20) облыстың медициналық ұйымдарының жарақтандырылуына мониторинг жүргізу, шаралар қабылдау жөнінде бұйрық дайындау. Медициналық жабдықтар жұмысының тиімділігіне талдау жүргізу;

    21) «ТЭП «ААЖ-да,» СУМТ» АЖ-да медициналық техниканың аудиті бойынша бірлескен тексерулерді деректерді салыстыруды жүзеге асырады;

    22) қажеттілік туралы ақпарат жинауды, жабдықтың, санитарлық автокөліктің тоқтап қалуын және қайта бөлуді жүзеге асырады;

    23) медициналық жабдықтарды есептен шығару, МЗ және коммуналдық меншік басқармасына құжаттарды дайындау;

    24) автокөлікті жекешелендіру тізбесіне енгізу үшін ескірген санитариялық автокөліктер бойынша ЕПҰ-дан ақпарат жинауды жүзеге асырады;

    25) ЕПҰ-дан ұсынылған материалдарды және сауда-саттықта өткізуге жататын облыстық коммуналдық мүлік объектілерінің тізбесіне енгізуді қарайды; 26) Денсаулық сақтау объектілерін облыстың денсаулық сақтау жылыту маусымына жылыту маусымына дайындау бойынша тиісті құжаттарды дайындау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

    27)қазандық жабдығын ауыстыру қажеттілігінің мониторингі, ОБК-ға (облыстық бюджет комиссиясы) ұсыныс енгізу үшін қазандық жабдығын сатып алу үшін бюджеттік өтінім дайындау;

    28) жаңа объектілер салу бөлігінде елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың Кешенді жоспарының орындалу мониторингі;

    29) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды жүзеге асырады;

    30) әлеуметтік жобалар бойынша конкурстар өткізуді ұйымдастырады.