Білім беру қызметін лицензиялау бөлімі
Білім беру қызметін лицензиялау (бұдан әрі-Бөлім) «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігі білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім қызметінің бағыттары:
- білім беру қызметімен айналысуға лицензиялауды беруді жүзеге асыру;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, балаларға қосымша білім беру саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;
- білім беру ұйымдарынан шығатын құжаттарға апостиль қою рәсімін жүзеге асыру;
- білім беру саласында мемлекеттік бақылау жүргізу;
- білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу;
- білім беру ұйымдары қызметінің негізгі бағыттарына мониторинг жүргізу;
- білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.