«Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі» бөлімі
Бөлімнің міндеттері: 1. Табиғат пайдалануды реттеу; 2. Өз құзіреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; 3. Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдалану және қорғау; 4. «Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі», «Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» және «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жұмыстарына жетекшілік ету. |
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің атауы |
1. Ағаш кесу және орман билетін беру |
2. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» |
3. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, биологиялық негіздеме негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатындағы аулауды жүзеге асыруға рұқсат беру |
Ескертпе:
«Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаcындағы мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 18-1/415 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 шілдеде № 11662 болып тіркелді.
Тікелей сілтеме:
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011662
«Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 шілдеде № 11774 болып тіркелді.
Тікелей сілтеме:
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011774
Облыста «Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» және «Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» екі коммуналдық мемлекеттік мекемелері бар.
Сам орман мекемесі Бейнеу ауданында, ал Бейнеу орман мекемесі Бейнеу мен Маңғыстау аудандарында орналасқан. Олардың жалпы орман аумағы – 253 299 га, оның ішінде орман жамылғысы - 125 495 га. Орман қорының негізі – қара сексеуіл ағашы.
Сам орман мекемесінде жыл сайын орман пайдаланушылардың өтінімдеріне сәйкес "Ағаш кесу және орман билетін беру" мемлекеттік қызметі арқылы (ҚР АШМ-нің 2015 жылғы 12 қазандағы №18-02/909 бұйрығымен бекітілген) жайылымдық жерлерге мал жаюға рұқсаттар беріледі (тікелей сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500012259).
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 383 «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқауларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (тікелей сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017560), Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері әзірленіп, Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы № 27/327 шешімімен бекітілді. (тікелей сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V19M0003923).
Малдың 1 басын жаю үшін төлемақы мөлшерлемелері 1 гектар жайылымдық жерлерді пайдаланғаны үшін төлемақының ықтимал сомасына көбейту жолымен пайыздық ара-қатынастар бойынша белгіленіп, айқындалған (сапасы қанағаттанғысыз шабындықтар үшін төлемақы мөлшерлемелерінің деңгейі – 190,85 теңге).
ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетiнің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 211 «Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегі сексеуiл екпелерiнде ағаш кесуге тыйым салу туралы» бұйрығына сәйкес (тікелей сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500012057), мемлекеттік орман қорындағы қосымша учаскілерінде сексеуіл ағаштарын кесу жұмыстары жүргізілмейді.
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша
- Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №593 «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңы (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z040000593_);
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» бұйрығы (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V14F0010168);
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 12 шiлдедегi № 298 «Кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін бекіту туралы» бұйрығы (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017257);
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» бұйрығы (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011939);
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 «Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010865).