Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі бөлімі
Мемлекеттік орман қоры жерлерінде ормандарды күзету, молықтыру мен орман өсіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру; орман және дала өрттерінің алдын алу және болдырмау; орман және жануарлар дүниесін қорғау бағытында заң бұзушылықтарды болдырмау; егілген екпелері мен орман питомниктеріндегі ағаш көшеттерінің түрлерін көбейту және оның шығымдылығын арттыру; материалдық-техникалық базаның тиімді және мақсатты жұмыс істеуін қамтамасыз ету; орманмен көмкерілген алқаптың көлемін арттыру.
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өзінің ведомствалық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; Жануарлар дүниесін пайдаланушыларға ҚР-ның заңдарында белгіленген тәртіппен балық шаруашылығы су айдындарын және учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттар белгілеу жөнінде шешімдердің жобасын әзірлейді; Бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады; Аквакультураны, тауарлық балық өсіру шаруашылықтарын дамытуға ықпал жасау; Жануарлар дүниесін пайдаланушыларға (аң, балық аулауға) жануарларды алып қоюдың белгіленген лимиттері мен квоталары шегінде рұқсаттар беруді қамтамасыз ету.