Дәрілік қамту және мемлекеттік сатып алу бөлімі
Жалпы ақпарат
Негізгіміндеттері
- Басқару жүйесінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік сатып алу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімі мынадай міндеттерді жүзеге асырады:
- Үкімет қаулыларының, Денсаулық сақтау министрлігі бұйрықтарының, Әкімнің шешімдерінің, денсаулық сақтау басқармасы қаулыларының, шешімдерінің орындалуын бақылауды ұйымдастыру;
- Мемлекеттік сатып алу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша мынадай бағдарламаларға қойылатын талаптарды үйлестіру және орындау:
3.1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
3.2. Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы;
3.3. Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары;
3.5. Тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу рәсімдерін жүргізу.
3.6. Уәкілетті органға есептер жасау.
- Жоғары тұрған органдарға жоғарыда көрсетілген бағдарламалар мен есептіліктер бойынша толық және шынайы ақпаратты қалыптастыру.