«Алтай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

    Жалпы ақпарат

    «Алтай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Алтай ауданының аумағында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асырады.

    Бөлімнің негізгі міндеттері және қызметтері:

    1) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін жаңғыртуға, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;
    2) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық үстемдікті, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау;
    3) мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға, оның беделін нығайтуға, Алтай ауданының барлық азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруі үшін барлық қажетті ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасауға;
    4) қазақ диаспорасына ана тілін сақтау мен дамытуға көмек көрсету.
    5) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту.
    6) дене шынықтыру мен спортты дамыту саласындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыру.
    7) меншік нысандары өзгерген жағдайда азаматтардың дене шынықтырумен және спортпен айналысуына арналған дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстар мен объектілерді сақтау;
    8) дене шынықтыру және спорт саласындағы білім мен жетістіктерді насихаттауды басқа да ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп жүзеге асыру;
    9) спорттық жарыстар мен өзге де спорттық іс-шараларды теле-радиоарналарда және т. б. жарықтандыру