Ордабасы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Ордабасы аудандық «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастыру, кәсіби және әуесқой ұжымдардың шығармашылығын дамыту , мәдениет мекемелерінің материалды -техникалық базасын нығайту және жетілдіру мақсатында қорларды орталықтандыру, музыкалық аспаптармен, құралдармен, сахналық киімдермен қамтамасыз етіп, аудан мәдениет үйлерінде көркемөнерпаз ұжымдарын дамытуға ықпал жасайды. Тілдерді оқыту және дамыту орталығында "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" 11 шілде 1997 жылғы Заңын, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау мәселесі бойынша мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара бірлесіп іс-қимыл жасап, жүргізіліп отырған тіл саясатының тиімділігін арттыруға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамытуға байланысты кешенді шараларды ұсыну және оларды жүзеге асыру болып табылады, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді енгізуде, әр түрлі жастағы адамдар тобына мемлекеттік тілді үйретуді ұйымдастыруға нақты көмек көрсетеді.

    Ордабасы аудандық «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты 3 мекеме бар. Олар:

    Ордабасы аудандық «Мәдениет үй» МКҚК-ны;

    «Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-сі;

    «Аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-сі.

    Ордабасы ауданы бойынша 41 мәдениет нысаны бар: 1 аудандық мәдениет үйі, 4 ауылдық мәдениет үйі , 5 ауылдық клуб, 1 аудандық орталық кітапхана , 1 аудандық балалар кітапханасы , 29 ауылдық кітапхана .