Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Қарасай ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы «27» тамыз

    № 392 қаулысымен

    бекітілген

    «Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

    1. Жалпы ережелер
    2. «Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Қарасай ауданында мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
    3. Бөлімнің мынадай ведомстволары бар:
    • «Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Қарасай аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
    • «Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
    • «Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданы әкімдігінің «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
    • «Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
    1. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    2. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
    3. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
    4. Бөлім Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
    5. Бөлім өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
    6. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
    7. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
    8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040900 Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, № 213.
    9. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
    10. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес жергілікті бюджеттен, жүзеге асырылады.
    11. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлім өкілеттіктері болып табылатынміндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйымсалынады. Егер Бөлім заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзегеасыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

    2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

    1. Мақсаттары:
    • Қарасай ауданында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру.
    • Аудан аумағындағы спорт, денешынықтыру саласының біртұтас мемлекеттік саясатын әзірлеп, жүзеге асыру, тұрғындарға спорт қызметтерін көрсетуді жетілдіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спортты дамыту және тұрғындардың белсенді демалысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
    1. Өкілеттіктері
    2. Құқықтары:
    • Бөлім өкілеттілігі болған жағдайда ережелер мен бөлімніңреттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу және бекіту.
    • Бөлім мекемелер мен кәсіпорындардан ақпарат жинауды ұйымдастырады және оларға ақпарат жеткізу, әртүрлі ведомстволар ұйымдастыратын аудандық қоғамдық-саяси, мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу жоспарларын үйлестіру, мәдениет және спорт саласындағы бірыңғай күнтізбелік жоспарларды бекіту.
    • Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшінәкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілікжазалар қолдануға құқылы (Әкімшілік құқық бұзушылык туралы Кодекстің 729 бабы, 2-1 тармағы).
    • Мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өткізу.
    • Мүдделі ұйымдармен бірлесіп тілді дамыту аясында кадрлар даярлау бойынша жұмыс жүргізу.
    • Мүдделі бөлімдермен, ведомстволармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп өнердегі, спорттағы жас таланттарды даярлау және дамыту бойынша жұмыс жүргізеді, бағыныштылығына қарамастан, қолданбалы өнер мектептерінің, жас әншілер, күйшілер, термешілер, ақындар даярлау мектептерінің желісін дамытуды, сондай-ақ оларда дайындық процесін ұйымдастыруды үйлестіреді. Ауданда фольклорлық, эстрадалық-цирк, хореографиялық, театр, хор ұжымдары мен спорт командаларын дайындауды жүзеге асырады және олардың облыстық, республикалық, халықаралық конкурстарға, спорттық жарыстарға, турнирлер мен байқауларға қатысуын қамтамасыз ету.
    • Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету.
    • Мәдениет және спорт мәселелері бойынша есептерді дайындауды жүзеге асыру.
    • Қазақстан Республикасы Заңнамаларында белгіленген тәртіппен аудандық және ауылдық мәдениет үйлер жәнекітапханаларыныңбасшыларын тағайындау және қызметінен босату.
    • Мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың құрылымы мен жағдайын, қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын талдайды, шығармашылық ізденістерді, олардың инновацияларын қолдайды, олардың тәжірибесін зерттейді және таратады. Мәдениет пен спортты, жүйенің басқарушы кадрларын дамыту, оларды әдістемелік, құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
    • Заңнамада белгіленген тәртіппен азаматтардың өтініштерін, шағымдарын қарайды. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүргізеді, олардың заңды талаптары мен негізделген өтініштерінің орындалуын қамтамасыз етеді, ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындардың қызметінде анықталған кемшіліктерді жоюға шаралар қабылдау.
    • Бөлім келісім-шарт негізінде мәдениет пен тіл саласын дамытуды ғылыми-ақпараттық қамтамасыз етуді әзірлеу және іске асыру үшін мәдениеттің ғылыми-зерттеу ұжымдарын, баспаларды, сценаристерді, қоюшы режиссерлерді, өнертанушы ғалымдарды тартуға құқылы. Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын барлық мәмілелер қазынашылық бөлімшесінде тіркелу.
    • Заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
    1. Міндеттері:
    2. Мәдениет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүргізу.
    3. Қоғамның экономикалық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын, оны іске асыру жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспарын орындау және іске асыру бөлігінде қалалық және ауылдық әкімдіктердің, өкілетті органдардың, тәуелсіз ведомстволарды мен бірлестіктердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметін үйлестіру;
    4. Денешынықтыру мен спорттықолдаужәнеынталандыру;
    5. Ұлттық, техникалықжәнеқолданбалы спорт түрлеріндамыту;
    6. Әлеуметтікжәнебілім беру функцияларын, сондай-ақеріктіқызметқағидатынанегізделгенолардыңқұрылымыныңерекшелігінескереотырып, спорттыңбарлықтүрлеріндамытуғажәрдемдесу.
    1. Функциялары:
    • Ауданның мәдениет, тілдерді дамытужәне спорт салаларының

    мақсатты бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;

    • Мәдениет, тілдерді дамытужәне спорт мәселелері бойынша

    қаулылардың, шешімдердің, өкімдердің жобаларын әзірлеу;

    • Мәдениет, тілдерді дамытужәне спорт саласындағы

    мемлекеттікмекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың, қоғамдық бірлестіктердің бағдарламаларына ұйымдастырушылық қолдау көрсету;

    • Театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіруді және қолдауды жүзеге асыру;
    • Жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштерін есепке

    алу,қорғаужәне пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

    • Ауданның мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой

    шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асыру;

    • Ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан

    өткізу;

    • Ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, қайта

    жаңғырту және жөндеу бойынша тапсырысшы болу;

    • Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған

    Аудандық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыру;

    • Аккредиттелген жергілікті спорт федерациаларымен

    бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық спорттық жарыстарды

    өткізу және жергілікті спорт федерацияларының әр-түрлі спорт

    түрлерінен ұсыныстары бойынша аудандық құрама командалары

    тізімдерін қалыптастыру және бекіту;

    • Спорт түрлері бойынша аудандық құрамы командаларды

    даярлауды және оларды облыстық, Республикалық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

    • Аудан аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт

    түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;

    • Аудан аумағында аудандық мәдениет, дене шынықтыру

    спортұйымдарының қызметін үйлестіру;

    • Мәдениет және тілдерді дамыту, спорт ұйымдарына

    әдістемелікжәне консультациялық көмек көрсету;

    • Спортшыларға: 2 – разрядты спортшы, 3 – разрядты

    спортшы,1 – жасөспірімдік - разрядты спортшы, 2 – жасөспірімдік-разрядты спортшы,3 – жасөспірімдік-разрядтыспортшы, спорттық разрядтарын беру;

    • Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты

    жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санаты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санаты әдіскер, біліктілігі жоғары екінші деңгейдегі санаты нұсқаушы – спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру;

    • Аудан аумағында мәдени, спорттық іс – шараларды

    ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіру;

    • Аудан аумағында мәдениет және тілдерді дамыту, дене

    шынықтырумен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстар Республикасының Заңнамасына белгіленген нысанда және мерзімінде облыстық жергілікті атқарушы органына ұсыну;

    • Ресми денешынықтыру және спорттық іс – шараларды

    медицинамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

    • Мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру,

    спорттық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

    • Аудандық мамандырылмаған балалар – жасөспірімдер

    мектептерінің қызметін қамтамасыз ету;

    21.1.Тілдерді дамыту саласындағы облыстык мекемеге жыл корытындысы бойынша КазакстанРеспубликасында тіл саясатын дамытудын 2023-2029 жылдарға арналган тұжырымдаманың (бұдан әрі – Тұжырымдама) орындалу барысы туралы талдамалық жиынтық ақпаратты енгізу;

    • Тұжырымдаманың нысаналы индикаторларына кол жеткізу бойынша жұмыс жүргізу;
    • Тілдік ахуал мәселелері, аудан тұрғындарының тілдерді меңгеру деңгейін бағалау бойынша әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу;
    • Мемлекеттік тілді және баска да тілдерді дамытуға бағытталган аудандық маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асыру;
    • Тексеру жүргізу нәтижесінде тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу фактісі анықталса, әкімшілік құқық бұзушылық құрамын белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болған кезде бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар кабылдау;
    • Тілдік белгісі бойынша кемсітуге жол бермеу, тілдік кемсітушіліктің алдын алу және болдырмау бағытында жұмыстар жүргізу ;
    • Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде жарнама мәтіндерінің Қазақстан Республикасының тіл туралы заңына сәйкестігіне мониторинг жургізу;
    • Мандайшаны орналастыру туралы хабарламаларды «Рұксаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Занына сәйкес қабылдауды және қарауды жузеге асыру.
    1. Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті

    атқарушыоргандарға жүктелетін өзгеде өкілетерді жүзеге асыру.

    3-тарау. Мемлекеттік органның,

    бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

    1. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімгежүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
    2. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан РеспубликасыныңЗаңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
    3. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

    1) заңнамаға сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды жәнеқызметтен босатады;

    2) Бөлім қызметкерлері арасында функционалдық міндеттер мен өкілеттіктерді бөлуді жүзеге асырады;

    3) заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жазақолданады және ынталандырады;

    4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

    5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыретішегіндеБөлімнің мүддесін қорғайды;

    6)Бөлімнің қаржылық қаражаттарын, мүлкін басқарады, банк мекемелерінде есеп-шоттарды ашады және жабады, олар бойынша қаржылық операциялар жүргізуді жүзеге асырады, қаржылық құжаттарға қол қояды, қаржылық және есептілік тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді;

    7)бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық туралы құқықбұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерінорындмағаны немесе тиісінше орындмағаны үшін тәртіптік жауаптылықта болады;

    8) өз құзыреті шегінде заңнамаларға сәйкес басқа да өкілеттіліктердіжүзеге асырады.

    9) Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғаорындайды.

    1. тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
    1. Бөлімде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару

    Құқығындаоқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    1. Бөлімге бекітілген мүлік республикалық коммуналдықменшіккежатады.
    2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

    5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

    1. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасыныңзаңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.