Бородулиха ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Мемлекеттік органның мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

    1) аудан аумағында тiлдік саланы, мәдениет және өнерді дамыту, дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша бірыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;

    2) мемлекеттiк органдарда iс жүргiзуде негiзгi тiл ретiнде мемлекеттiк тiлдің қызметін қамтамасыз ету;

    3) тұрғындардың мәдени деңгейiн көтеру үшiн мәдени мұраларды мәдени-ағарту ұйымдарымен кеңiнен пайдалану және қорғау бойынша шаралар қабылдау;

    4) мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңды нормативтік актiлердi іс жүзінде жүзеге асыру барысын насихаттау бойынша халық арасында кешендi ақпараттық-түсiндiру шараларын өткiзу;

    5) адамгершiлiк және эстетикалық тәрбиелеуде мәдени және бос уақытты өткiзу ұйымдары мен мәдениет мекемелерiнiң маңызын көтерудi қамтамасыз ету;

    6) кiтапханалық, музыкалық, мұражайлық және өнер, халық шығармашылығы, көркемөнерпаздың басқа да түрлерiн дамытуға көмек көрсету;

    7) мәдениет және тiлдердi дамыту саласындағы практикалық ұсыныстарды, сондай-ақ ұлтаралық келiсiмдi нығайту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;

    8) аудан аумағында бұқаралық спорт пен ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;

    9) бұқаралық спорт, ұлттық спорт түрлері, мүгедектер спортынан аудан құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

    10) спорт инфрақұрылымын дамыту қызметін үйлестіру.

    1. Құқықтары мен міндеттері

    14.1. Құқықтары:

    1) бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстарды аудан басшылығының қарауына енгізу;

    2) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған құзыреті шегінде Бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп жасау үшін ауданның жергілікті атқарушы органдарының басқа бөлімдерінің қызметшілерін тарту;

    3) бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестерді белгіленген тәртіпте өткізуге бастамашы болу;

    4) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген құзыреті шегінде өзінің функциясын орындау үшін қажетті ақпаратты басқа да мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдар мен олардың басшыларынан, азаматтардан сұрау.

    14.2. Міндеттері:

    1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер беру;

    2) заңды және жеке тұлғалардың ресми сұрауы бойынша қажетті материалдар мен ақпараттарды өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде ұсыну;

    3) Бөлім құзыретіне кіретін басқа да міндеттерді орындау.

    1. Функциялары:

    1) театр, музыка және кино өнері, кітапхана мен мұражай ісі, мәдени-бос уақыт жұмысы саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;

    2) жергілікті маңызы зор тарихи ескерткіштерді, материалдық және рухани мәдениетті есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

    3) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстарды өткізуді жүзеге асырады;

    4) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының аттестациясын өткізеді;

    5) өз құзыреті аясында мәдениет және спорт саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

    6) мемлекеттік мәдениет және спорт ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде көмек көрсетеді;

    7) ауданның бір мемлекеттік кітапханасына «Орталық» мәртебесін береді;

    8) ономастикалық жұмыстарды үйлестіреді;

    9) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға бөлімнің басшысы құқылы;

    10) бөлім маңдайшаны облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;

    11) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңнамасын сақтауды қамтамасыз етедi;

    12) ауданның мәдениет, спорт бағыттағы нысандарын жөндеу және қалпына келтіру, салу бойынша тапсырыс беруші болып шығады;

    13) ауданның жергiлiктi атқарушы органдарына немесе уәкiлеттi органға өздерiнiң құзыретi аясында тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң бүлiнуiн, құлау қаупiн жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

    14) аудан аумағында тілдерді қолдану мен дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;

    15) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды өткізеді;

    16) аудан халқына қазақ тілін және басқа тілдерді оқуға жағдай жасайды;

    17) ауданда дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

    18) жеке адамдардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылымды жасау бойынша шаралар қабылдау;

    19) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық спорттық жарыстарды ұйымдастыру;

    20) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды дайындау және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

    21) аудан аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;

    22) аудан аумағында аудандық дене шынықтыру-спорттық ұйымдарының қызметін үйлестіру;

    23) спортшыларға: 2 - разрядты спортшы, 3 - разрядты спортшы,
    1 - жасөспiрiмдiк - разрядты спортшы, 2 - жасөспiрiмдiк - разрядты спортшы,
    3 - жасөспiрiмдiк - разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру;

    24) бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi сияқты бiлiктiлiк санаттарын беру;

    25) спорттық - бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай аумақтық күнтізбесін жүзеге асыру;

    26) аудан аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді үйлестіру;

    27) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстың жергілікті атқарушы органдарына ұсыну үшін аудан аумағында дене шынықтыру мен спорттың дамуы жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру;

    28) аккредиттелген аймақтық және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерінен құрама командаларының тізімдерін қалыптастыру және бекіту;

    29) ресми дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

    30) дене шынықтыру және спорттық іс-шараларын өткізуде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

    31) аудан аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіру мен олардың тұрғындарға қолжетімділігін қамтамасыз ету;

    32) спорттық ұйымдарға әдістемелік және кеңестік көмек көрсету;

    33) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз ету;

    34) дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүргiзу, денсаулықтарын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабiлеттiлiк пен белсендi ұзақ өмiр сүрудiң жоғары деңгейiне, сондай-ақ iзгiлiк мұраттары мен спорт құндылықтарына қол жеткiзу үшiн дене шынықтыру компоненттерiн практикада пайдалануда халықтың бiлiм деңгейiн арттыру;

    35) мүгедектерге дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін спорт ғимараттарына баруға жағдай жасау, арнайы спорттық мүлікті беруді қамтамасыз ету;

    36) мекеменің құзыреті шегінде аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын жасау;

    37) барлық мекемелерде құзыреті шегінде мәселелерді қарауда ауданның мүдделерін ұсыну;

    38) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.