Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Сарыағаш ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастыру, кәсіби және әуесқой ұжымдардың шығармашылығын дамыту және мәдениет мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту және жетілдіру мақсатында қорларды орталықтандыру, музыкалық аспаптармен, құралдармен, сахналық киімдермен қамтамасыз етіп, қала мәдениет үйлерінде көркемөнерпаз ұжымдарын дамытуға ықпал жасайды. Тілдерді оқыту және дамыту орталығында "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" 11 шілде 1997 жылғы Заңын, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау мәселесі бойынша мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара бірлесіп іс-қимыл жасап, жүргізіліп отырған тіл саясатының тиімділігін арттыруға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамытуға байланысты кешенді шараларды ұсыну және оларды жүзеге асыру болып табылады, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді енгізуде, әр түрлі жастағы адамдар тобына мемлекеттік тілді үйретуді ұйымдастыруға нақтылы көмек көрсетеді.
Сарыағаш ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты 68 мекеме бар. Олар:
1. Клуб мекемелері -21.
-аудандық мәдениет үйі -1
-ауылдық мәдениет үйі - 9
-ауылдық клуб- 11
2. кітапханалар- 35
-аудандық орталық кітапхана- 1
- аудандық орталық балалар кітапханасы -1
- ауылдық кітапханалар – 33
- саябақ – 2
- Тілдерді оқыту және дамыту орталығы -1
5. Спорт мектептері – 4
№1 Қажымұхан атындағы баларлар - жасөспірімдер спорттық мектебі.
№2 баларлар - жасөспірімдер спорттық мектебі.
№3 баларлар - жасөспірімдер спорттық мектебі.
№4 баларлар - жасөспірімдер спорттық мектебі.