Абай облысы Үржар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Бөлім басшысының функционалдық міндеттері
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Үкімет қаулыларының, облыс әкімі мен аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің облыстық және аудандық әкімдіктерінің қаулыларының орындалуын толық және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді және оған жауапты; Бөлім жұмысын басқарады, жұмысын үлестіреді; Мамандарды жұмысқа қабылдайды және босатады, оларды тәртіптік жауапкершілікке тартады; Еңбек және орындаушылық тәртіпті қамтамасыз етеді; Әкімдік отырыстарына, аппарат мәжілістеріне сұрақтар дайындайды; Мәдениет және тілдерді дамыту бойынша мемлекеттік саясатын дамыту орындалуын ұйымдастырады;
Мәдениеттің мемлекеттік бірыңғай дамуын, аудан көлемінде мәдени іс- шаралардың жоспарын, оның орындалуын қамтамасыз етеді; Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырады; Ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасайды; Аудан тұрғындарының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдайды; Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайтады; Аудан көлемінде кітапхана ісін дамытады; Дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз етеді; Өз саласы бойынша ауылдық округ әкімдерімен жұмысты үйлестіреді; Өзіне Заңдарда белгіленген шектеулерді қабылдайды;