Мақтаарал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Жалпы ақпарат
Мақтаарал ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі аудан тұрғындарына спорт саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
Спортшыларға:
• 2-разрядты спортшы
• 3-разрядты спортшы
• 1-жасөспірімдік разрядты спортшы
• 2-жасөспірімдік разрядты спортшы
• 3-жасөспірімдік разрядты спортшы
Спорт саласының мамандарына:
• Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы
• Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы
• Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы
• Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы
• Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер
• Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер
• Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы
• Спорт төрешісі біліктілік санаттары
Өтініш берушілер құжаттарын төмендегі жолдармен тапсыра алады:
1. «Электрондық үкімет» веб-порталы ( www.egov.kz) арқылы электронды форматта;
2. Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы;
Мемлекеттік қызмет құжаттар толық тапсырылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға, әдіскерлерге және нұсқаушы-спортшыларға біліктілік санаттары спорттық атақтар және біліктілік санаттарды беру және спорттық, жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрығына қол қойылған күннен бастап 5 жылдық мерзімге беріледі.