Бостандық ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР Заңдарына, ҚР Президентінің және Үкіметінің атктілерін, аудан әкімінің өкімдері мен шешімдеріне, аудан әкімшілігінде қойылған талаптар мен ережелерді басшылыққ алады. Бөлімнің атқаратын негізгі міндеттері: аудан әкімінің іс-шаралар жоспарын әзірлеу, тиімді жоспарлау, жүзеге асыру бойыша жұмыстар жүргізу; мемлекеттік қызметтің мәдениет пен тілдерді дамыту саласында жүйелі қолданылуын қамтамасыз ету; аудан әкімінің қарауына мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі, спорт және туристік қызмет бойынша өз құзыреті шеңберінде шешімдер мен өкімдер әзірлеп, ұсыну; аудан тұрғындары арасында мәдени-бұқаралық және спорт шараларын ұйымдастыру және өткізу; мемлекеттік тілде іс-қағаздардың жүргізілуін одан әрі дамыту жұмыстар жасау; әскерге шақырылым комиссиясының жұмысын ұйымдастыру және ат салысу;