Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының

    мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

    ЕРЕЖЕСІ

    1. Жалпы ережелер
    2. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (әрі қарай – бөлім) «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ (әрі қарай – әкім аппараты) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және аудан әкіміне, жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына бағынады.
    3. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілері, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы», Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы Заңдары мен нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
    4. Бөлімнің құрылымдық, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының штаттық кестесіне сәйкес бекітіледі.
    5. Бөлім құралады:

    1) бөлім басшысынан;

    2) бас инспектордан;

    3) бас маманнан.

    1. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
    2. Мақсаты: аудан бойынша ұлттық, мемлекеттік, кәсіби мерекелерді және өзге де мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

    Қызметі:

    1) ұлттық идеологияны насихаттау бағытындағы мемлекеттік, кәсіби және өзге де мәдени іс-шараларды ұйымдастыру;

    2) айтулы даталар мен ұлы тұлғалардың мерейтойларын атап өту;

    3) өз құзыретінің шегінде бұқаралық ақпарат құралдарын, кәсіпорындардың, ведомстволардың, қызметтердің, ұйымдардың мекемелерінің басшыларын тарта отырып, ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, баспасөз конференциялары, акциялар және басқа іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

    4) қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін, қоғамдық өмірге белсенді қатысқан қызметкерлер үшін, сондай-ақ аудан тұрғындары үшін ерекше маңызы бар тапсырмаларды орындағаны үшін аудан әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын дайындау;

    5) әлеуметтік желілерде өткізілген іс-шаралар туралы есептерді жариялау.

    1. Мақсаты: «Қазақстан Республикандағы тіл туралы» Заңды негізге ала отырып, тілдерді дамыту саясатын жүзеге асыру және ономастикалық жұмыстарды үйлестіру.

    Қызметі:

    1) мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда мемлекеттік тілдің дамуын, қолданылуын насихаттау бағытында әртүрлі іс-шаралар өткізу;

    2) мемлекеттік қызметшілер мен аудан тұрғындарының қазақ және ағылшын тілдері курстарына келуін қамтамасыз ету;

    3) сыртқы жарнамаларды мемлекеттік тілде жазу жұмыстарын талдау;

    4) қалалық ономастика комиссиясына атауы жоқ көшелерге жаңа атаулар беру туралы ұсыныстар енгізу.

    1. Мақсаты: «Мемлекеттік жастар саясаты», «Қазақстан Республикасындағы турситік қызмет туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңдарын негізге ала отырып, ауданда жастар саясатын, спортты, туризмді, әскери-патриоттық тәрбиені дамыту және тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру.

    Қызметі:

    • туризм және спортты дамыту саласында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, спорттық шаралар, халық арасында дене шынықтыру-бұқаралық жұмыстарын ұйымдастыру, жарыстар, спартакиадалар, тренингтер, кездесулер өткізу;
    • аудан мектептерінің оқушылары арасында әскери-патриоттық тәрбие беру аясында іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
    • жастар саясаты бойынша жұмыстарды жүзеге асыру шеңберінде іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
    • өз өкілеттіктері шегінде спортшыларға спорттық атақтарды, разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету;
    • аудандық білім бөлімінің, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелерінің жұмысын үйлестіру;
    • тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау және күту бойынша жұмыстар жүргізу;
    • ұлттық құндылықтарды ұрпаққа таныстыру мақсатында мәдени ескерткіштерді насихаттау аясында түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
    1. Мақсаты: Шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды жүзеге асыру.

    Қызметтері:

    • мемлекеттік шығармашылық және спорт тапсырысты орналастыруға қатысу үшін жеткізушілердің өтініштерін қарау;
    • мемлекеттік шығармашылық және спорт тапсырыстың орындалуы туралы электрондық есептерді қарау;
    • электрондық шот-фактуралар мен көрсетілген қызметтердің актілерін қарау;
    • шығармашылық және спорт орталықтарында жүзеге асырылатын мемлекеттік тапсырыстың сапасына бақылау жасау.
    1. Құқықтары мен міндеттері:
    • бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты белгіленген тәртіпте сұрауға және алуға құқылы;
    • бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар, құжаттар жобаларын әзірлеу және аудан әкімінің қарауына енгізуге міндетті;
    • аудан әкіміне шешім және өкім жобаларын енгізу олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға міндетті;
    • аудан әкімінің өкімдері мен хаттамалық тапсырмаларын орындайды;
    • Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамасын, қызметтік этика нормаларын сақтауға міндетті;
    • бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін белгіленген тәртіпте уақтылы қарауға және олар бойынша қажетті шараларды қабылдауға міндетті;
    • бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды уақтылы және сапалы орындауға міндетті.
    • тапсырмалар мен функцияларды орындау үшін қажетті бөлімге тиесілі құқықтар бөлім басшысы мен мамандарының лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
    1. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметін ұйымдастыру
    2. Бөлім басшысы, бас инспектор және бас маман лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген жұмыс жағдайына дербес жауапты болады.
    3. Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, еңбек және атқарушылық тәртіпке жауап береді және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.