Мәдениет және мониторинг бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Басқармаға қарасты тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталықтың, С.Сейфуллин атындағы облыстық кітапхананың, облыс музейлері мен галереяларының жұмыстарын қадағалау, есептерін қабылдау, әдістемелік көмек көрсетеді. Ауылдық жердегі мәдениет мекемелеріне жолдамамен жас мамандарды тарту шараларын ұйымдастырады.

    Облыс мәдениет мекемелерінің аймақтық, ауданаралық өзара байланысы, іс-тәжірибе алмасу жұмысын ұйымдастырады. Мәдениет мекемелерінің қажетті құрал-жабдықтармен, әдебиеттермен, құнды жәдігерлермен жабдықталу жұмыстарын ұйымдастырады.

    Мәдениет саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін: «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру», «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» бойынша жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастыру және қадағалайды.