«Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәдениет және өнер бөлімі
Общая информация
- Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие;
- Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады;
- Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады;
- Бөлім басшысы басқарма басшысына бөлімнің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді;
- Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның міндеттерін бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бөлімнің бас маманы атқарады.
Осымақсатта бөлім басшысы:
- Бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
- Бөлім мамандарына көтермелеу шаралары және тәртіптік жаза қолдану туралы басшыға ұсыныстар енгізеді;
3. Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады, оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.