Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі

    об отделе

    Исатай ауданында мемлекеттік клуб жүйесі мекемелерінің саны – 12. Олар: 1 аудандық, 2 ауылдық мәдениет үйі, 6 ауылдық клуб, 3 жылжымалы клуб. Ауданда 18 кітапхана халыққа қызмет көрсетіп келеді. Олар: 1 аудандық, 1 балалар, 16 ауылдық кітапхалар.

    Аудан бойынша 6 –халықтық ұжым жұмыс жасайды. Олар Тұщықұдық мәдениет үйі жанындағы «Аққыстау халық театры» және «Бермағанбетовтер жанұялық отбасы» ұжымы, аудандық «Жалын» мәдениет үйі жанынан «Халықтық» ұлт-аспаптар оркестрі, Үлгілі «Аққайың» бишілер тобы, Ш. Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің жанындағы Үлгілі «Балдаурен» вокалдық тобы, Үлгілі «Балдырғандар» домбырашылар ансамблі. Өзге ведомоствалық және жеке меншік басқарудағы мәдениет мекемелері жоқ.

    2020 жылдың 9 айында түрлі бағыттағы- 524 мәдени шара ұйымдастырылып, 145 869 көрермен қатыстырылды. Оның ішінде 14 жасқа дейінгілер үшін 95 шара өтті. Бұл жерде бір айта кетерлігі, елімізге енген індетке байланысты карантиндік шектеулерге сәйкес наурыз айынан бері өткен шаралар онлайн форматта болды.

    Аудан бойынша мәдениет мекемелері жанында 18 үйірме жұмыс жасайды. Оған барлығы 242 адам қатысады. Орталықтан шалғайдағы аудан тұрғындарына мәдени қызмет көрсетуде «Жалын», «Тұщықұдық», «Новобогат» ауылдық мәдениет үйлерінің жанындағы 3 жылжымалы клуб 9 ай бойы 9 рет елді мекенді қамтып, 63 адам қатыстырып, 304 көрерменге 9 шара өткізді. Аққыстау халық театры осы кезеңде 2 бұрынғы спектакльін қойды. Оған 806 көрермен қатысты.

    Мәдениет үйлері, клуб мекемелерінің жұмысын қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен жылғамәдени шаралар үшін 11, 509 мың(он бір миллион бес жүз тоғыз мың) тенге қаралып тоғыз айда 7, 956 мың (жеті миллион тоғыз жүз елу алты мың) қаржы жұмсалды. Ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарға материалдық-техникалық базасын нығайтуға 8, 300 мың (сегіз миллион үш жүз мың) теңге бөлініп, газон, дизельді генератор, насостар алуға, жылу қазандықтарын күтуге жұмсалды.

    Есепте кезеңде ауылдық кітапханалар үшін 5 дана компьютер мен принтерлер, стелаждар , кеңсе жихаздары алынды.

    Аудан бойынша 18 кітапханада барлық оқырман саны 8784 адамды құрап отыр. Берілген кітап саны - 80716. Осы кезеңге дейін жаңадан келген әдеби кітаптар саны - 2327 дананы құрады. Жыл басынан бері 914 шара, онлай шара қоса есептегенде ұйымдастырылып, оған 6550 көрермен қатысты.

    Спорт саласы

    Өткен 2019 жылдан бастап аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі аудандық мәденеиет және тілдерді дамыту бөліміне қосылып, жаңа бөлім құрылғаны белгілі. Күні бүгін Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Жалын» мәдениет үйі мен аудандық кітапханалар жүйесінен бөлек спорт саласы бойынша Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебі қарайды.

    Жыл басынан бері аудан бойынша 31 спорттық шара өтсе, оның 7-еуі онлайн форматта ұйымдастырылды. Қашықтан өткен (онлайн) спорттық шаралар түрлері негізінен жекелей жарыс түрлері болып табылады.

    Олар; кермеге тартылу (турник), кеуде көтеру (отджимание), допты түсірмей ойнау, тоғызқұмалақ, шахмат, скакалькадан секіру, кір тасын көтеру түрлері.

    21 спорттүрлері бойынша ауданда 25 секция жұмыс жасайды,оған барлығы 1358 бала тартылған.

    Жалпы күні бүгін ауданда дене шынықтырумен, бұқаралық спортпен 5780 адам айналысады десек, бұл аудан халқының 21,1 пайызын құрап отыр. Тұщықұдық, Х.Ерғалиев, Исатай ауылдарындағы салынуы жоспарланған спорт кешендерінің сметалық-жобалық құжаттары дайын, қаржы мәселесі оң шешімін тапса, алдағы кезеңде спорт кешендері құрылысы басталады.

    Жанбай ауылында спорт кешені құрылысы басталды.